14.07.2023, 09:26
Оқиғалар
Ақтауда 9 жасар бала бассейнге батып кетті
Қайғылы оқиға 13 шілдеде демалыс орындарының бірінде болған
Фото: lib.komarovskiy.net
Ақтаудағы демалыс орындарының бірінде 9 жасар бала бассейн суына батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 13 шілдеде демалыс орындарының бірінде болған.
«102 кезекшісіне сағат 15.12-де қоңырау түсті. Тергеу-жедел тобы шақыртуға шықты. Бала бассейнге батып кеткен, ата-анасы солжерде болған», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Ведомство аталған дерек қалалық полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне «Адам өлімі» бабы бойынша тіркелгенін айтты.
Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді