13.02.2024, 12:56
Оқиғалар
ХАМАС – Израиль қақтығысы: Рафах қаласында 100-ге жуық тұрғын қаза тапты
Қазір 1,3 миллионнан астам адам Рафах қаласын паналап отыр
Фото: edition.cnn.com
Жергілікті палестиналық шенеуніктердің айтуынша, Израильдің «өте жиі» әуе шабуылдары мен бірнеше елді мекендерді атқылау салдарынан 100-ге жуық адам, оның ішінде балалар қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy CNN-ге сілтеме беріп.
Израиль әскерилері Рафахтың Шабура ауданына «бірқатар соққылар» жасағанын және «арнайы операция» кезінде кепілге алынған екі Израиль азаматын босатып алғанын растады.
Қазір 1,3 миллионнан астам Газа халқы Рафах қаласын паналап отыр.
Жұма күні Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху әскерилерге «ХАМАС-тың соңғы бекінісі» Рафахтың халқын шабуыл жасағанға дейін эвакуациялауды тапсырған болатын.
Аударған: Айжан МӨҢКЕБАЕВА
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді