13.02.2024, 10:10
Оқиғалар
Астанада құрылыс контейнерлері өртеніп кетті
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ
Астанада құрылыс контейнерлері өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер таңғы уақытта өртке оранған екі қырық тонналық контейнердің отын өшірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«13 ақпанда сағат 07:21-де елордалық № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері «Пригородный» ТА, Кирамика-2 көшесіне екі құрылыс контейнері жанып жатқаны туралы шақыруға шықты. Өрт сөндірушілердің келуі бойынша екі қырық тонналық контейнер толығымен отқа оранғаны анықталды. Өрт сағат 07:44-те өрт оқшауланып, сағат 08:33-те жойылды»,-деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге барлығы 12 адамы және 2 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді