10.02.2024, 16:22
Оқиғалар
Ақтөбе облысында құтқарушылар қарт әжейге көмектесу үшін 18 шақырым жаяу жүрді
Өңірде дауылды ескерту жарияланған
Фотода бөлімше командирі Нұрболат Тәжігұлов
Қарт әйелге көмек көрсету үшін Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының 8 құтқарушысы 18 шақырым жаяу жүрді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы қолайсыздығына байланысты құтқарушылар Қандыағаш қаласынан (Мұғалжар ауданының әкімшілік орталығы) Басшили ауылына жаяу барды.
«Ауылдың қарт тұрғынының денсаулығының нашарлауына байланысты құтқару қызметіне қоңырау келіп түсті. Қызметкерлер Қандыағаш қаласынан Басшили ауылына дейін жаяу баруларына тура келді», - делінген хабарламада.
Бөлімше командирлері Нұрболат Тәжігұлов, Донат Шамақов, қарауыл бастығы Әли Ақдәулет.Өрт сөндірушілер Марат Елдос, Құсайынов Ақниет, Сұлтамұратов Жетек, Сағындық Абылайхан, Жалғасов Аманжол.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді