$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Мәжіліс заң жобасын жұмысқа алды

Педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Фото ашық дереккөзден

Мәжілістің жалпы отырысында депутат, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов негізгі және ілеспе заң жобаларын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жоба Мемлекет басшысының отбасылық-зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына толығымен сәйкес келеді», - деді Аймағамбетов.

Заң жобасында, келесі негізгі нормалар ұсынылды:

  • Біріншіден, ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді, қазіргі әкімшілік жауапкершіліктен  қылмыстық жауапкершілікке жатқызу, және де жазасын әлдеқайда қатаңдату;
  • Екіншіден, жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ, зорлық-зомбылық туралы бақ, немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тісті шараларды қабылдау құқығын беру.
  • отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлықын өзгерту үшін, сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу уәкілеттілігін беру.
  •  педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру ұсынылып отыр;
  •  суицидты насихаттау үшін, немесе суицидке итермелеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;
  •  балаларға арналған интернаттық ұйымдарға алдын-ала ескертпей ақ,  кез-келген уақытта оларды тексеру және тағы басқа маңызды нормалар ұсынылды.

Бұл заң жобалары: Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» негізгі заң жобасы және Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы ілеспе заң жобасы.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ 

Серіктес жаңалықтары