29.01.2024, 11:27
Оқиғалар
Петропавлда көпқабатты үйдің шатыры опырылып түсті
Баспананың шатыры соңғы рет 45 жыл бұрын жөнделген
видеодан скриншот
Петропавлда 5 қабатты үйдің шатыры опырылып түсті. Жапа шеккендер жоқ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Төбе жабыны қалың қарды көтере алмаған. Оқыс оқиға Абай көшесінде орналасқан 84-ші үйде тіркелді. Қалалық әкімдік өкілдерінің айтуынша, баспананың шатыры соңғы рет 45 жыл бұрын жөнделген. Пәтер иелеріне «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласын жаңғырту» бағдарламасы бойынша төбені ауыстыру ұсынылды, деп жазады qazaqstan.tv.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді