$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да жолаушылар автобусы жүргізушісінің өліміне қатысты сот үкімі шықты

Үкім заңды күшіне енді

БҚО-да жолаушылар автобусы жүргізушісінің өліміне қатысты сот үкімі шықты
Коллаж: Azattyq Ruhy

Батыс Қазақстан облысында жолаушылар автобусының жүргізушісі қайтыс болған жол-көлік оқиғасы үшін көлік жүргізушісі екі жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мой город» порталының жазуынша, қайғылы оқиға өткен жылдың ортасында Тасқала ауылында болған. Hyunday Elantra жүргізушісі Чижинская көшесімен келе жатып жол ережесін бұзып, Toyota Coaster жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Оқиға салдарынан автобус жүргізушісі қаза тауып, жолаушылар түрлі дене жарақатын алған.

«Сот көлік жүргізушісін Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша кінәлі деп таныды. Ол бес жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген БҚО сотының хабарламасында.

Жәбірленуші тараптың талап арызы ішінара қанағаттандырылды. Сотталған адам 2,3 миллион теңге көлемінде материалдық шығын мен 5 млн теңге моральдық шығынды өтеуі тиіс. ЖШС-нің тағы бір талап арызы азаматтық іс жүргізу тәртібімен қарау үшін сотқа жолданды.

Үкімге апелляциялық шағым түскенімен, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы оны өзгеріссіз қалдырып, заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары