$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.01.2024, 18:08
Оқиғалар

«Төмен бағада баспана»: Алматы полициясы азаматтарды 48 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстады

Бұған дейін ер адам осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған

«Төмен бағада баспана»: Алматы полициясы азаматтарды 48 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстады
Фото: Polisia.kz

Алматы полициясы азаматтарды 48 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

37 жастағы ер адам төмендетілген бағамен баспана алу қызметін ұсынды. Белгілі болғандай, оған сенгендер аз болмаған.

«Алдын ала төлем сомасы «қызметіне» байланысты өзгеріп отырды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 48 миллион теңгені құрайды. Қазір тергеушілер ұсталған азаматтың осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Қылмыстық іс аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша тергеліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айтпақшы, бұған дейін ер адам осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған», – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Серіктес жаңалықтары