$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.04.2020, 04:00
Оқиғалар

Талдықорғанда шойын люктерді ұрлаған күдіктілер ұсталды

Шығын мөлшері 60 мың теңге көлемінде бағалануда

Талдықорғанда шойын люктерді ұрлаған екі ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Полицияға Алдабергенов көшесіндегі үш шойын люктің ұрланғаны жайында қаланың коммуналдық кәсіпорын бірінің қызметкерлері арызданған. Шығын мөлшері 60 мың теңге көлемінде бағаланған.

Полицейлер күдіктілердің ізіне түсіп, олардың 40 және 54 жастағы облыс орталығының тұрғындары екенін анықтады. Олардың бірінің үйінен полиция қызметкерлері металл қабылдау пунктіне дайындалған, жәбірленуші ұйымның өкілдері таныған ерекше белгілері бар ұрланған екі люкті тапты. Тәртіп сақшылары ұрланған заттарды сатып алып жүрген 64 жастағы жергілікті әйел адамды анықтап, тінту кезінде одан тағы үш люкті тәркіледі. Ол үш люкті де әйел күдіктілерден сатып алғаны белгілі болды.

Металл ұрыларының айтуынша, олар «өз істеріне» кешкі сағат  20:00-21:00 аралығында, яғни қараңғы батқанда жеңіл автокөліктерімен барған.

«Қазіргі таңда күдіктілердің өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Әзірше, күдіктілердің төрт дерекке қатыстылығы дәлелденген. Олар әрқайсысы 40 келіге жуық салмақ тартатын сегіз люкті қолды қылған. Күдіктілердің бірі мүгедектігіне байланысты мекенжайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылды. Екіншісі уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды», - делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары