$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.01.2024, 14:40
Оқиғалар

БҚО-да бес адам қаза тапқан жол апатынан бір жасар сәби аман қалған

Сәби – жантүршігерлік жол апатынан аман қалған жалғыз адам

БҚО-да бес адам қаза тапқан жол апатынан бір жасар сәби аман қалған

Батыс Қазақстан облысында бес адамның өмірін қиған жол апатынан бір жасар сәби аман қалған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мой город» порталының жазуынша, сәби – жантүршігерлік жол апатынан аман қалған жалғыз адам.

Бүгін, яғни 10 қаңтарда облыстық денсаулық сақтау басқармасы апаттан зардап шеккен 1 жас 9 айлық баланың жағдайы туралы айтты.

«Сәби Жаңақала аудандық ауруханасына жеткізілген болатын. Қазір облыстық көпсалалы балалар ауруханасына апарылады. Ол екінші дәрежелі травматикалық шок алған. Жағдайы тұрақты ауыр, еш асқыну жоқ», - деп түсіндірді басқармадағылар.

Еске салмақ, қайғылы жол-көлік оқиғасы 9 қаңтарда сағат 17:17-де Жаңғала – Чапаево тасжолында болған. Ақбалшық пен Пятимар ауылдарының арасындағы жолда Toyota Estima мен Hyundai Santa Fe көліктері соқтығысып, бес адам қаза тапқан.

Серіктес жаңалықтары