09.01.2024, 22:41
Оқиғалар
БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қайтыс болды
Құтқарушылар марқұмдардың денесін автокөліктен шығарды
Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам көз жұмды. Бұл туралы БҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, оқиға 9 қаңтар күні Жаңақала ауданы аумағында болды.
«Сағат 17.17-де Чапаев-Жаңақала жолы бойында Ақбалшық пен Пятимар ауылдарының арасында Toyota Estima және Hyundai SantaFe автокөліктері бетпе-бет соқтығысты. Жол апаты салдарынан бес адам мерт болды. Құтқарушылар марқұмдардың денесін автокөліктен шығарды», - делінген ТЖД хабарламасында.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы