$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.01.2024, 00:09
Оқиғалар

Ұшақта темекі шеккен 15 жасар атыраулық қыздың заңды өкіліне айыппұл салынды

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған жолаушымен профилактикалық әңгіме жүргізді

Ұшақта темекі шеккен 15 жасар атыраулық қыздың заңды өкіліне айыппұл салынды
Фото ашық дереккөзден

Әуе кемесінің бортында темекі шеккен кәмелетке толмаған жолаушы қыздың заңды өкіліне айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 SCAT әуекомпаниясының Атырау – Тараз бағытындағы рейсі ұшып келгеннен кейін Тараз қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері акт бойынша құқық бұзушыны түсіріп алды. Тексеру барысында көлік полицейлері Атырау қаласының 15 жастағы тұрғынын анықтады. Ол ұшу кезінде ұшақ салонында электронды темекі шеккен. Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған жолаушымен профилактикалық әңгіме жүргізді. Сақшылар оған темекі шегудің, алкогольді ішімдік ішудің және басқа да қауіпті психотроптық заттардың денсаулыққа зияндылығы туралы айтты. Сондай-ақ ұшақ бортында қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін түсіндірді.

 Бұдан бөлек, қыздың заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК (36 920 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Көліктегі ПД қызметкерлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 45 962 азаматты, оның ішінде, әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін 213, кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 70 тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Серіктес жаңалықтары