$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.01.2024, 15:43
Оқиғалар

Қызылорда облысында өзгені бопсалап, ақша талап еткендер ұсталды

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды

Қызылорда облысында өзгені бопсалап, ақша талап еткендер ұсталды

Полицейлер Қызылорда облысының тұрғынын әлеуметтік желілерде жеке сипаттағы мәліметтерді жариялаймын деп қорқытқан бопсалаушылар тобын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Polisia мәліметінше, күдіктілер деректерді жария етпеу үшін жәбірленушіден 7 млн теңге талап еткен.

«Аталған дерек бойынша Қызылорда облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде тәуліктік кезекшілік кезінде күдікті ретінде 34, 32, 22 жастағы облыс тұрғындары ұсталды. Айғақты зат ретінде олардан ақша, сигналдық тапанша және жалған қызметтік куәлік алынды», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда жәбірленушінің намысына тиетін ақпаратты таратамын деп қорқытып, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам жасаған бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары