$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде жасөспірімдер арасында Instaqram-да басталған жанжал адам өлімімен аяқталды

Облыстық ауруханаға пышақ жарақатын алған төрт жігіт келіп түсті

Ақтөбеде жасөспірімдер арасында Instaqram-да басталған жанжал адам өлімімен аяқталды
Фото: freepik

Instaqram-дағы жанжал екі адамның өлімімен аяқталды. Ақтөбе облысында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі жасөспірім өліміне қатысы бар адамдарды уақытша ұстау изоляторына қамауға алды, деп хабарлайды Аzattyq Ruhy өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2 қаңтардан 3 қаңтарға қараған түні «102» пультіне Ақтөбе қаласының Қызылжар кентінде орналасқан «Алмаз» дүкенінің жанында топтық төбелес жүріп жатқаны туралы ақпарат түскен.

Оқиға орнына полиция басқармасының жедел-тергеу тобы мен облыс прокуратурасының басшылығы жедел жеткен. Төбелес салдарынан Ақтөбедегі көпсалалы облыстық ауруханаға пышақ жарақатын алған төрт жігіт жеткізілген. Араға біраз уақыт салып, оның екеуі – 2006 жылы туған жасөспірімдер реанимация бөлімінде алған жарақаттарының салдарынан қайтыс болды.

«Instaqram әлеуметтік желісінде бірін-бірі танитын екі жасөспірім арасында ауызша текетірес болғаны анықталды. Оның арты бетпе-бет кездесуге және қақтығысқа айналған. Кездесу барысында төрт жігіт арасында төбелес болып, олардың бәрі пышақ жарақатын алған», - делінген хабарламада.

Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Екі кәмелетке толмағанды өлтіру дерегі облыс прокуратурасының бақылауында», - деп хабарлады облыстық прокуратура.

Серіктес жаңалықтары