$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.12.2023, 21:52
Оқиғалар

Бірнеше ай бойы сабаққа бармаған: Талдықорғанда 14 жасар қыз іздестіріліп жатыр

Оның жоғалуының бүкіл мән-жайы анықталу үстінде

Бірнеше ай бойы сабаққа бармаған: Талдықорғанда 14 жасар қыз іздестіріліп жатыр
Фото ашық дереккөзден

Талдықорған қаласында 14 жасар қызға іздеу жарияланды. Бұл туралы қалалық полициядан мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, 28 желтоқсанда Талдықорған қаласының полиция бөліміне бір мектептің басшылығынан бірнеше ай бойы сабаққа қатыспаған 14 жасар оқушының жоғалып кеткені туралы ақпарат келіп түсті.

Кәмелетке толмаған оқушыны іздеумен Талдықорған қалалық полицияның қызметкерлері айналысып жатыр.

«Оның жоғалуының бүкіл мән-жайы анықталып жатыр. Іздестіру шараларына облыстық департаменттің іздестіру бөлімінің жедел уәкілдері мен жақын орналасқан аудандардың полицейлері де тартылған», - деп хабарлады Талдықорған қалалық полициясынан.

Жоғалған қыздың ата-анасы, туыстары мен жақындарынан жауап алынып жатыр.

Бейнебақылау камералары қаралып, такси аялдамалары тексеріліп жатыр, сондай-ақ жоғалған қызды тез арада табуға бағытталған басқа да іс-шаралар жалғасып жатыр. 

Серіктес жаңалықтары