$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.12.2023, 21:20
Оқиғалар

«Астана-Петропавл» тас жолында бірнеше көлік соқтығысып, бір адам қайтыс болды

Тағы 5 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді

«Астана-Петропавл» тас жолында бірнеше көлік соқтығысып, бір адам қайтыс болды
Фото: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Ақмола облысы аумағында «Астана-Петропавл» тас жолының 105 шақырымында бірнеше көлік соқтығысып, жол апатынан 1 адам көз жұмып, 5 адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департаменттің мәліметінше, бүгін, 29 желтоқсанда сағат 13:18-де Ақкөл аудандық ПБ кезекші бөліміне жол-көлік оқиғасы туралы хабар түскен. 

«Анықталғандай, жол апатынан 16 көлік құралына (3 «Газель», 4 жүк көлік және 9 жеңіл автокөлік) зақым келді. Жеңіл көліктің 28 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды, тағы 5 адам түрлі дене жарақатымен Ақкөл аудандық ауруханасына жеткізілді», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған») іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары