Жетісу облысында сел жүру қаупі туындады

Azattyq Rýhy

Алдын алу жұмыстары ТЖД-ның ерекше бақылауында және жағдай тұрақты

Жетісу облысында сел жүру қаупі туындады

Жетісу облысының Төтенше жағдай департаменті қызметкерлері күшейтілген жұмыс кестесіне көшті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Аймақта күн райы күрт жылып, қар ери бастады. Салдарынан өзен-көлдер арнасынан асып, тасу қаупі туындады. Өңірде су деңгейі көтерілуі мүмкін деген 15 өзен бар. Сонымен қатар 60 шақты сел жүретін және қар көшкіні болатын учаске анықталды. Таулы аймақта 416 мұздық көл орналасқан. Сала мамандары солардың барлығын бақылауға алдық дейді. Енді тұрғындарға елді мекендегі арықтарды тұрақты түрде тазалап отыру қажеттігін ескертіп отыр.

«Барлық қауіпті учаскелерді күнделікті мониторинг жүргізу мақсатында 57 гидропост қызмет атқарады. Гидропосттардың берген деректеріне сәйкес департмент пен мемлекеттік органдар халық арасында уақытылы құлақтандыру және хабарландыру жұмыстарын жүргізіп отырады. Бүгінгі күнге алдын алу жұмыстары департаменттің ерекше бақылауында және жағдай тұрақты», - деді облыстық ТЖД басқарма бастығы Ринат Тазабеков.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.