$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.12.2023, 23:49
Оқиғалар

Абай облысының полицейлері қатты аязда адасып қалған тұрғынды тапты

Әйелдің ауыр психикалық ауруы бар екендігі анықталды

Абай облысының полицейлері қатты аязда адасып қалған тұрғынды тапты

17 желтоқсан күні Семей қаласы полиция басқармасының 102 жедел арнасына қала тұрғынынан оның 52 жастағы анасы түстен кейін белгісіз бағытта үйден кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Әйелдің ауыр психикалық ауруы және мінез-құлқында когнитивті бұзылулар бар екендігі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Аязды күні далада қалғанын ескерсек, қызы денсаулық жағдайы үшін ғана емес, анасының өмірі үшін де дабыл қақты. Жеке құрам дереу облыс орталығының жоғалған тұрғынын іздеуге кірісті.

«Іздеу іс-шаралары барысында түнгі сағат бір шамасында жоғалған әйелді Семей қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының инспекторлары тапты. Қаланың орталық бөлігіндегі периметрді патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Қайым Мұхамедханов көшесіндегі сауда орталығының ауданында өзіне бейтаныс жерлерде адасып жүрген әйелге назар аударды. Полиция қызметкерлері әйелмен сенімді байланыс орнатып, тыныштандырып, үйіне жеткізді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ол туыстарының қасында, оның денсаулығы мен өміріне қауіп төнбейді. Қызы полицейлерге жедел жұмысы үшін және жақын адамын үйіне қайтарғаны үшін алғыс айтып, оларға зор денсаулық пен қызметте табыс тіледі.

Серіктес жаңалықтары