Екі үй қирады: Алматы маңындағы ауылдың бірінде газ жарылды
Жарылыстан зардап шеккендер бар

Алматы маңындағы Гүлдала ауылында жеке үйлерде газ жарылып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқиға бүгін, 17 желтоқсанда сағат 06:15-те Байтұрсынов көшесінде және 08:20-да Сүйінбай көшесінде болған.
Әкімдіктің мәліметінше, жарылыс ауа-газ қоспасының жарылуынан пайда болды.
«Жарылыс салдарынан төрт адам зардап шекті,олар ауруханаға жатқызылды. Алдын ала себеп - табиғи газ құбырындағы қысымның жоғарылауы. Себебін анықтау үшін оқиға орнына мамандар жіберілді. Аудан әкімі Таңат Айдарбеков оқиға орнына барып, зардап шеккен отбасылардың жағдайымен танысты. Сондай-ақ, Гүлдала ауылдық округі әкімінің аппаратына және аудандық төтенше жағдайлар бөліміне алдын алу шараларын ұйымдастыру, тұрғын үйлерді аралау және тексеру тапсырылды», - делінген хабарламада.