ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 1062 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Монша карантин кезінде жезөкшелер қызметін ұсынған

Төтенше жағдай ережелерін бұзғандарға айып тағылды

Алматыда карантин уақытында жезөкшелердің қызметін ұсынған монша анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.  Криминалдық полиция қызметкерлері тапқан сауна ТЖ режимінің талабына қарамастан қызметін жалғастырған.

«Саунаға қызметкерлеріміз кіріп барғанда ине шаншар орын болмаған, адам лық толы. Монша жұмысшылары – әкімші, қызмет көрсету қызметкерлері, сондай-ақ жеңіл жүрісті қыздар да жұмысын тоқтатпаған. Екі жүргізуші жалданып жұмыс істеген, міндеті — жезөкшелерді тасу болыпты. Күніне олар 10 мың теңгеден алып отырған. Моншаға жасалған рейд үстінде клиенттер үшін жеңіл жүрісті 5 ару жеткізілді. Барлығы санитарлық нормалардың ережесін сақтамай, кабинкаларда уақыт өткізді. Сол жерде болғандардың ешқайсысы қалада карантин болып жатқаны туралы естімегендей сыңай танытты», – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.

1990 жылы туған А. есімді мекеме әкімшісі әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартылды – ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450-бабы (жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай беру) және 476-бап (төтенше жағдай ережелерін бұзу).

«Монша ішінен шыққан басқа адамдарға төтенше жағдай ережелерін бұзғаны үшін айып тағылды. Олардың ішінде жеңіл жүрісті 5 әйел, екі көлік жүргізуші және үш клиент бар. Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай да жалғасады. Біз қолға түскен ақпараттың әрқайсысын ұдайы тексеріп отырамыз», – дейді Б.Әбілбеков.

 

 

Сұхбат
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
Филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешовпен латын әліпбиіне қатысты сұхбат
Имамның айтуынша, құрбандыққа шалынған мал етін алуға өтініш бергендер саны басымырақ