«Көмек қажет» белгісін көрсеткен: Ақтөбеде полицей жас жігітті құтқарып қалды

Azattyq Rýhy

Қазіргі кезде тергеу жүргізіліп жатыр

«Көмек қажет» белгісін көрсеткен: Ақтөбеде полицей жас жігітті құтқарып қалды

Ақтөбеде тәртіп сақшысы көмекке мұқтаж екенін ишарамен білдірген жігітті қылмыскерлерден құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Polisia-ға сілтеме жасап.

9 желтоқсанда әкімшілік учаскеде профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор Аймереке Мұханбетқазина Әбілқайыр хан даңғылындағы кафелердің бірінің жанында жоғары тонмен сөйлескен үш жас жігітті байқайды. Полиция қызметкерін көрген жігіттер бірден тынышталып қалған. Олардың әрекеттері инспектордың күдігін тудырады.

«Полицей оларға жақындаған кезде жас жігіттердің бірі адамның көмекке мұқтаж екендігі туралы халықаралық сигнал – қол қимылын көрсеткенін байқайды. Жігітке қауіп төніп тұрғанын түсінген Мұхамбетқазина бірден «102» нөміріне қоңырау шалады. Әріптестері келгенге дейін ол құқық бұзушыларды өз бетінше ұстауға тырысқан. Ол шабуылдаушылардың бірінің қолында пышақ тәрізді зат бар екенін байқап, оларды әңгімеге тартады», - делінген хабарламада.

Осы уақыт ішінде полиция жасағы оқиға орнына жетті. Келгеннен кейін тәртіп сақшылары құқықбұзушыларды ұстады. Жастар ақшаға қатысты даулы мәселені шешкені анықталды.

Істің өзге мән-жайларын полиция анықтайды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.