$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.11.2023, 22:20
Оқиғалар

Елордада кішкентай балаға тиіскен ер адамға айыппұл салынды

Ол баланы өзімен бірге алып кетпек болған

Елордада кішкентай балаға тиіскен ер адамға айыппұл салынды
Фото: polisia.kz

Астанада кішкентай балаға тиіскен ер адамға айыппұл салынды. Ол баланың соңынан қалмай, оны өзімен бірге бір жаққа алып кетпек болған. Бұл туралы Астана қалалық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқа мәлімет бойынша, Астанада тәртіп сақшылары балаға азғындық жасамақ болған ер адамды ұстады. Оның бұл әрекетінен тек әкімшілік құқық бұзушылық құрамын ғана тапқандықтан, күдікті айыппұлмен құтылып кетті.

Жақында әлеуметтік желіде бейнебақылау камераларына түсірілген бейнежазба тарады, онда ересек адам баланың жанынан бір елі қалмай, оны қайта-қайта әңгімеге тартқаны көрсетілген. Желі қолданушылардың айтуынша, ересек ер адам балаға кәмпит пен балмұздақ ұсынып, оны өзімен бірге алып кетпек болған.

Баланың анасы полицияға хабарласып, белгісіз ер адам үйдің ауласында ұлына тиіскенін айтқан. Осы факті бойынша полиция Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 434-бабының 1- бөлігі бойынша (Ұсақ бұзақылық) әкімшілік іс қозғады.

«Жиналған материал Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына шешім қабылдау үшін жолданды, сот қаулысымен азамат кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК (69 мың теңге) көлемінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары