Жетісу облысында ауыл тұрғынының көлігінен суық қару табылды
Ұсталған 32 жастағы көлік жүргізушісі аудандық полиция бөліміне жеткізілген
Жетісу облысында ауыл тұрғынының көлігінен суық қару табылды. Алакөл ауданының полициясы 32 жастағы азаматтан оқ-дәрілері бар АКС-74 қаруын тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мал ұрлығын» алдын алу іс-шарасы барысында Алакөл ауданының учаскелік инспекторы ҰҚКД Шекара қызметі әскерилерінің көмегімен Балапанов ауылының маңындағы учаскеге тексеру жүргізді. Құқық қорғаушылар ВАЗ-2114 автокөлігін тоқтатып, тексерген кезде, жүк салғыштан «Калашников» автоматы мен 5,45 мм калибрлі 11 патрон табылды», - дейді Жетісу облысының полициясы.
Ұсталған 32 жастағы көлік жүргізушісі аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Ер адамның бұрын жауапқа тартылмағаны белгілі болды. Полицейлер қаруды сатып алу көзін және оның қолданылуын анықтап жатыр. Қазір тәркіленген қару сараптамаға жіберілді.
Іс бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабымен тергеу басталды. Ұсталған ауыл тұрғыны қамауға алынған.