Алматыда жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті
Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр
Алматыда бағдаршамның жасыл түсі жанғанда өтіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті. Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде жарияланған бейнежазбадан жаяу жүргіншілер өткелінде екі көлік соқтығысып, бір адамды қағып кеткенін көруге болды.
Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, жол апаты 29 қараша күні таңғы сағат 08:30-да Алматының Бостандық ауданында болған.
«Hyundai Creta» және «Mercedes» көліктері Сәтбаев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Жароков көшесіне солға бұрылып жатқанда «Hyundai» машинасының жүргізушісі алдында тұрған «Mercedes» көлігін соғады. Ал «Mercedes» инерциямен жаяу жүргіншіні – 1954 жылы туған әйелді қағып кетеді. Зардап шекккен әйел қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді», - деп атап өтті Салтанат Әзірбек.
Полиция өкілінің мәліметінше, аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.