$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.04.2020, 08:50
Оқиғалар

Қазақстанада коронавирус жұқтырғандар саны 531 адамға жетті

4 сәуір, сағат 22.45-тегі эпидемиологиялық жағдай

Қазақстанада коронавирус жұқтырғандар саны 531 адамға жетті

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелдi. Қызылорда облысында - 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 3 адам, Жамбыл облысында - 1 адам. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.

«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам,

Алматы қаласында – 110 адам,

Қарағанды облысында - 27 адам,

Ақмола облысында - 20 адам,

Атырау облысы - 22 адам,

Жамбыл облысында - 11 адам,

Шымкент қаласында - 13 адам,

Шығыс Қазақстан облысында - 4 адам,

Алматы облысында - 10 адам,

Ақтөбе облысында - 10 адам,

Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам,

Павлодар облысында - 1 адам,

Маңғыстау облысында - 3 адам,

Қызылорда облысында - 30 адам,

Батыс Қазақстан облысында - 2 адам,

Түркістан облысында - 23 адам,

Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 531 науқас тіркелді»,- делінген хабарламада.

Айта  кетейік, Қазақстанда қауіпті індеттен 5 адам қаза тапты. 36 адам емделіп шықты.

 

Серіктес жаңалықтары