$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.04.2020, 16:15
Оқиғалар

Павлодарға Түркиядан келген жүзден астам адам карантинге жатқызылды

Олардың анализ нәтижелері бір тәуліктен кейін белгілі болады

Павлодарға Түркиядан келген жүзден астам адам карантинге жатқызылды

Бүгін таңертең осыған дейін Түркияда болған 125 Қазақстан азаматы бар ұшақ Павлодар қаласына келіп қонды. Жолаушылардың көбісі Павлодар облысының тұрғындары. Бұл туралы коронавируске қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлайды.

«Бортты қарсы алған санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары індеттен қорғайтын костюмдер киген. Әр жолаушының дене температурасы өлшеніп, коронавирус белгілерінің бар-жоқтығына тексерілді»,- делінген хабарламада.

Елге оралғандар өздеріне қатысты жеке мәліметтерді жазып, сауалнама парағын толтырды. Барлық жолаушылар карантиндік оқшаулауға алынды. Келгендердің әрқайсысынан қажетті анализдер алынады, олардың нәтижелері бір тәуліктен кейін белгілі болады.
 

Серіктес жаңалықтары