$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.11.2023, 23:12
Оқиғалар

Қаратұрын кен орнындағы өрт жыл соңына дейін сөндіріледі

Кен орнындағы өрт 9 маусымда басталған болатын

Қаратұрын кен орнындағы өрт жыл соңына дейін сөндіріледі

Жер қойнауын пайдаланушы компанияның өкілдері хабарлағандай, «Қаратұрын» кен орнының ұңғымасындағы апатты жою жұмыстары осы жылдың соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy жергілікт mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Жер қойнауын пайдаланушы хабарлағандай, апатты жою жұмыстары екі кезеңге бөлінді.

«Қазір біз апатты жоюдың екінші кезеңіндеміз, бұған дейін барлық қажетті геологиялық деректерді жинадық. 1 желтоқсанда біз газ горизонтын толығымен тығыздау, содан кейін цементтеу үшін бұрғылау ерітіндісін айдауды бастауды жоспарлап отырмыз. Бұл ұңғыманы толығымен бақылауға алуға мүмкіндік береді. Жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді «Бозашы Мұнай» ЖШС директорының орынбасары Данияр Дүйсембаев.

Естеріңізге сала кетейік, кен орнындағы өрт 9 маусымда басталған болатын. Компания басшылығының айтуынша, кен орнындағы апат шығынының жалпы сомасы 3 млрд теңгені құрайды.

Серіктес жаңалықтары