$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.11.2023, 16:16
Оқиғалар

Қостанай облысында полиция қызметкері 84 жастағы әйелді көлден алып шықты

Өкінішке қарай, құтқарылған әйел ауруханада қайтыс болған

Қостанай облысында полиция қызметкері 84 жастағы әйелді көлден алып шықты

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында көлге түсіп кеткен  84 жастағы әжені учаскелік полиция қызметкері құтқарып қалды. Алайда, өкінішке қарай, қарт әжей ауруханада көз жұмған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға бүгін, 18 қарашада Әулиекөл ауданында болған. Таңертең 102 телефонына Аманқарағай кентінің тұрғынынан су айдыны жақтан көмек сұрап тұрған қатты дауыстың естілгені туралы қоңырау түсті.

Бұл хабарлама дереу көлге келген учаскелік полиция инспекторы Ғабит Байжановқа берілді. Соққан желдің себебінен ол көмекке шақырған дауысты қатты естімеген. Жағадан өтіп бара жатып, полиция қызметкері дыбыс көлдің ортасынан шығып жатқанын түсініп, бірден киімімен суға секірді.

«Ғабит Байжанов әйелді жағаға сүйреп апарған, оған жақын тұрған ауылдастары көмектесті. Олар бірге кейуананы үйге жеткізіп, жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер оны ауруханаға жеткізді. Қарт кісінің көлдің ортасында қалай жеткені анықталып жатыр. Кейінірек дәрігерлер, өкінішке қарай, әйел ауруханада қайтыс болды деп хабарлады. Оны судан шығарған полиция қызметкері мен ауылдастары соңына дейін бәрі жақсы аяқталады деп үміттенді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары