Ақтөбе облысында әпкелі-сіңілі оқушы қыздар жоғалып кетті
Оқушылар Хромтауда тұратын әжесіне баратындарын айтқан
Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бесқұдық ауылында 13 және 14 жастағы әпкелі-сіңілі қыздар 17 қарашада күндізгі сағат 4 шамасында үйлерінен шығып, сол күйі оралмаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Диапазонға сілтеме жасап.
Қалиева Назымның басында қоңыр орамал бар, тізеге дейінгі қоңыр күрте киген, аяқтарында қара етік. Диляра ақшыл түсті күрте киген. Екі қыздың да рюкзактары бар.
Білім басқармасының мәліметінше, қыздарды анасы тәрбиелеген, олар 8 және 9 сыныптарда оқиды. Оқушылар Хромтауда тұратын әжесіне баратындарын айтты, бірақ ол жерге жетпеген.
Ақтөбе облысының полиция департаментінің хабарлауынша, қыздардың жоғалып кеткені туралы қалалық және аудандық полиция бөлімдері хабарланған, оларды іздеумен Қобда аудандық полиция бөлімінің 15 қызметкері, полиция департаментінің 12 қызметкері, Ақтөбедегі Zello Poisk қоғамдастығының еріктілері айналысады, сондай-ақ Хромтау ауданының полицейлері қосылады.
Қыздардың орналасқан жері туралы ештеңе білетіндердің барлығынан 8-707-881-20-98, 8-776-546-66-66 немесе 102 нөміріне қоңырау шалу сұралады.