$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында мемлекеттің жарты млрд теңгесін ұтқан компания жұмысты шала қалдырған

Жауапсыз компанияға сөзін өткізе алмаған әкімдік сотқа жүгінбек

Алматы облысында мемлекеттің жарты млрд теңгесін ұтқан компания жұмысты шала қалдырған

Алматы облысында мемлекеттің жарты миллиардқа жуық қаржысын тендерден ұтып алған компания жұмысты шала тастап кеткен. Қонаев қаласының ортасы қазылған орға толып қалған. Тұрғындардың шағымы көбейсе де, жұмыстың аяқталар түрі көрінбейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Ал жауапсыз компанияға сөзін өткізе алмаған әкімдік енді сотқа жүгінбек. Жұмыстың басталғанына бір жылдан асқанымен, небәрі 7 шақырым құбырдың жартысы ғана тартылған.

«Былтыр қазан айында Қонаев қаласындағы Гүлдер, Қарлығаш шағынаудандарында «Сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта жаңарту» жұмыстары басталды. Оған бюджеттен 481 645,8 мың теңге қаржы қарастырылған. Аталған жұмыс бойынша 17,8 шақырым су құбыры, 7,13 шақырым кәріз құбыры тартылуы керек», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарымен «Шах» ЖШС айналысып жатыр. Қазіргі таңда су құбырын тарту толық аяқталған. Алайда кәріз құбыры бойынша жұмыстың тек тең жартысы ғана аяқталған. Қаланың ортасы ой-шұқыр, қазылған қалпы қалған.

«Мердігер ұйым белгілі бір себептерге байланысты уақытша жұмысты тоқтатқан. Бұған дейін қалалық әкімдіктің ТҮКШ бөлімі компанияның үстінен 2 рет талап арыз жазған. Егер келісімшартта көзделген уақытта серіктестік істі аяқтамаса, ТҮКШ бөлімі сотқа жүгінбек. Бұл шешім тұрғындардың толассыз шағымынан кейін шығарылды. Сондай-ақ мердігердің жұмысы әкімдіктің бақылауына алындыә, - деді Алматы облысының әкімдігі.

Серіктес жаңалықтары