Астанада 245 млн теңгені иеленген қаржы пирамидасының жетекшілері сотталды

Azattyq Rýhy

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды

Астанада 245 млн теңгені иеленген қаржы пирамидасының жетекшілері сотталды
Фото: kapital.kz

Астанада Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен «Antares» қаржылық пирамидасының екі жетекшісінің мүліктері тәркіленіп, 5 жыл 6 ай және 6 жыл 6 айға бас бостандықтарынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қалалық прокуратура мәліметінше, мемлекеттік айыптаушы барлық дәлелдемені ұсына отырып, сотталушылардың кінәсіздігі жөніндегі уәждерін жоққа шығарды. 

«Кінәлілер «Instagram» және «Telegram» әлеуметтік желілері арқылы қысқа мерзімде ақша табу мүмкіндігін жарнамалап, салынған ақшаны жылдық 300%-ға дейін көбейтуге уәде берген. 33 адам пирамидаға 245 миллионнан астам теңге салған», - делінген хабарламада.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.

Үкім күшіне енді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.