10.11.2023, 15:58
Оқиғалар
Шымкентте жол апатынан скутер мінген жасөспірім қаза тапты
Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды
Фото: polisia.kz
Шымкентте жол апатынан скутер мінген 16 жастағы жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға 9 қарашада сағат 19:40 шамасында болған.
«Мұғалжар мен Алпамыс батыр көшелерінің қиылысында Zhweki скутері мен Kia Optima көлігінің соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан скутердің кәмелетке толмаған жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.
Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды