10.11.2023, 12:55
Оқиғалар
Қарағандыда теміржол бойынан ер адамның денесі табылды
Марқұм 53 жастағы қала тұрғыны болып шықты
Фото: pixabay.com
Қарағандыда теміржол бойынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, марқұм 53 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Қазіргі кезде «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Қарағандыда 5 қарашада түнгі сағат 02.00 шамасында теміржол үстінде тепловоз астынан 53 жастағы ер адамның денесі табылды. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша полицияға тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады ПД өкілдері.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды