ШұғылҚазақстанда тағы 517 адамнан коронавирус анықталды

Таразда тәртіп сақшысына қол жұмсаған жігіт қамауға алынды

Ол блок-бекеттен тиісті құжаттарсыз өтпек болған

Фото: polisia.kz

Тараз тұрғыны төтенше жағдай тәртібін қадағалап тұрған тәртіп сақшысына қол жұмсап, қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

«Байзақ ауданындағы блок-бекетінде короновирустық пандемияның таралуын болдырмау мақсатында автокөліктерге тексеру жүргізу барысында, кезекшіліктегі Тараз қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің инспекторы Алматы қаласы бағытындағы «Toyota Corolla» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Аталған автокөліктегі жолаушы тәртіпке бағынбай, полиция қызметкеріне дене жарақатын келтірген. Тараз қаласының 34 жастағы тұрғыны полиция қызметкерінің төтенше жағдай талаптарына сәйкес, тиісті құжаттарынсыз блок-бекетінен өткізбей, шектеу қойғанына қарсы шығып, оның бетінен жұдырықпен ұрған», - деп жазылған хабарламада.

Күдікті кінәсін мойындап, ҚР ҚПК-нің 128-бабымен Тараз қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ұсталған ер адам бұрын бірнеше рет сотты болған. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабы (төтенше жағдай жарияланған жерде билік өкілінің заңды талабына бағынбау) және 380-бабымен (билік өкіліне қарсы күш қолдану) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сұхбат