02.04.2020, 14:10
Оқиғалар
Талғар ауданының шенеуніктері ұйымдасқан қылмыстық топ құрған болуы мүмкін
Олар заңсыз жолмен жерді жекеменшікке өткізіп, пайда таппақ болған
Фото: ашық дереккөзден
Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы агенттіктің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлімдеді.
Айтуынша, олар аудандағы Панфилов округіне қарасты Қызыл Ту ауылындағы санитарлық және су қорғау аумағындағы жерлерді жекеменшікке өткізіп, ары қарай жалға беріп, ақша таппақ болған. Сондықтан күдіктілер ішінде Панфилов округінің әкімі де бар.
Күдікке ілінген шенділерге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды