$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.04.2020, 12:44
Оқиғалар

Алматыда коронавирус жұқтырған екі адам ауыр халде жатыр

Олардың өкпелері сыр берді 

Алматыда коронавирус жұқтырған екі адам ауыр халде жатыр

Алматы қаласында қауіпті індетті жұқтырғандар саны 90 адамға жетті. Бүгінгі жағдай бойынша аурудан емделіп шыққан адамдар саны – 11. Оның біреуі кеше ауруханадан жазылып, үйіне шықты деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы 2 адамның ауыр халде жатқанын мәлімдеді. Олар өкпені жасанды желдету аппаратының көмегімен тыныс алып жатыр.

«Қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 90 жағдайы тіркелді. Алматы облысынан келген 1 пациентті ескерсек, қаладағы инфекциялық стационарларда КВИ жұқтырған 80 адам жатыр, оның ішінде 1 бала бар. Екі ересек адамның жағдайы ауыр. Оның біреуі әйел, екіншісінің кеше жағдайы қиындаған соң, арнайы аппаратқа қостық», - деді Тілеухан Әбілдаев.

Алматыда қазіргі уақытта провизорлық орталықтарда барлығы  619 адам бар, оның  81-і – бала. Екі күндік карантиндік оқшаулауда 520 адам жатыр, оның ішінде 50 бала бар. Үй карантинінде 3853 азамат жатыр.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары