01.11.2023, 10:23
Оқиғалар
Рудныйда кәсіпорын аумағында жұмысшы қаза тапты
Ақпаратты кәсіпорынның баспасөз қызметі растады
Фото: erg.kz
Рудныйдағы кәсіпорын аумағында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Alau.kz жазуынша, қайғылы оқиға «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ аумағында болған.
Бұл туралы ақпаратты кәсіпорынның баспасөз қызметі растады.
«ССТБӨБ аумағында темірбетонды жабынды бөлшектеу жұмыстарын жүргізу кезінде мердігер мекеменің қызметкері оқыс оқиғадан көз жұмды. «ССТӨБ» АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына көңіл айтады. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
