Астанада тұрғын үйден өрт шығып, әйел адам қаза тапты

Құтқарушылар тұрғын үйден 51 адамды эвакуациялады

Астанада тұрғын үйден өрт шығып, әйел адам қаза тапты
Фото ашық дереккөзден

Астанада бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, соның салдарынан егде жастағы әйел қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қалалық ТЖД мәліметінше, қайғылы оқиға 29 қазанда, кешкі уақытта, қалада жаппай жарық сөнген кезде болған.

«101» нөміріне Манас көшесі, 3/1 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілер дереу оқиға орнына аттанды. ТЖД өкілдері жеткенкезде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында 18 шаршы метр аумақты құрайтын тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанып жатқаны анықталды», - делінген хабарламада.

Құтқарушылар тұрғын үйден 51 адамды, оның ішінде 14 баланы эвакуациялады.

«Өртті астаналық өрт сөндірушілер сағат 00:44-те сөндірді. Өрт орнынан 1951 жылы туған 72 жастағы әйелдің мәйіті табылды», - деп хабарлады ТЖД.

Өртті сөндіруге Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінен жеке құрамның 16 адамы мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.