Елордада бетон араластыратын көлік тепловозға соқтығысты
Зардап шеккендер жоқ
Елордада бетон араластыратын көлік жүргізушісі темір жол өткелінен өтіп бара жатып, тепловозға соқтығысты. Бұл туралы Астана қалалық Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департаменттің мәліметінше, бүгін, 18 қазан күні «MAN» автокөлігінің жүргізушісі Пушкин көшесімен келе жатып, реттелмейтін теміржол өткелінен өту барысында 2.5 жол белгісі (тоқтамай жүруге тыйым салынады) талабын бұзып, тепловозға соғылған. Зардап шеккендер жоқ.
«Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 1-тармағы (көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік іс қозғалды», - делінген хабарламада.