01.04.2020, 10:03
Оқиғалар
Жамбыл облысында құдалық жасап, көкпар тартқан тұрғындар жазаланды
Өңірде төтенше жағдайға байланысты той тойлауға тыйым салынған
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға қарамастан қазақстандықтар той толауын тоқтатар емес. Жамбыл облысында құдалық жасап, көкпар берген жергілікті тұрғындар жауапқа тартылды деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, 29 наурызда Талапты ауылының 46 жастағы тұрғыны қызын ұзатып, үйіне құдаларын шақырған. Шағын той жасаған әйел енді 10 АЕК (26 510 теңге) көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.
Ал, Нұрлыкент ауылының 37 жастағы тұрғыны алтыншы баласының дүниеге келгенін атап өтіп үшін 27 наурызда көкпар берген. Ол 7 тәулікке қамалды.
Айта кетейік, төтенше жағдай режимін бұғандарға 10 АЕК көлемінде айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамау жазасы қолданылады.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат