Алматыда ірі жол апатына кінәлі көлік жүргізушісі ұсталды
Бүгін түнде Алматыда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапқан болатын
1999 жылы туылған BMW жүргізушісі мас күйінде бағдаршамның қызыл түсіне шығып кетіп, батыс бағытта қозғалып келе жатқан Audi машинасымен соқтығысқан.
Одан әрі BMW жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, Сейфуллин даңғылымен оңтүстікке қарай келе жатқан Subaru Forester және Toyota Carina машиналарымен соқтығысады.
«Жол апаты салдарынан Audi автокөлігінің 1992 және 1993 жылы туған екі жолаушысы оқиға орнынада қаза тапты. Тағы алты адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.
Бұл дерек ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. BMW жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған қылмыстық істің материалдары Алматы қаласы ПД тергеу басқармасымен өндіріске алынды.