ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 67 адамнан коронавирус анықталды

Тегін қонақүй, автобус, сыйақы – Елорда дәрігерлеріне қандай қолдау көрсетіліп жатыр

CTS компаниясынан 50-ден автобус бөлінді 

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан қаласының коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан медициналық мекеме қызметкерлеріне сыйақы беріледі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлімдеді. Бұдан бөлек, оларға қонақүйден тегін номер ұсынылады.

«Нұр-Сұлтан қаласының стационарларында коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен жұмыс істейтін медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін оларға қонақүйлер бөлінді. Ыстық тамақ беріледі. CTS компаниясынан 50-ден автобус бөлінді. Қаланың емханалары мен ауруханаларында жұмыс істейтіндер үшін де арнайы көлік ұйымдастырылған. Барлығы тегін», - деді Б.Мәкен.

Ал көшелердегі дезинфекциялық жұмыстарға күнделікті 400 адам қатысады. Оған әскери күштердің биологиялық қорғау бөлімшелерінің қызметкерлері де тартылған.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтан қаласында 30 наурыз 5 сәуір аралығына қосымша шектеулер енгізіліп, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер жұмысын тоқтатты. Қоғамдық көлік жүрмейтін болды.

 Қазір Желтоқсан көшесі бойындағы №2 емхана 24 сағаттық жұмыс режиміне көшіп, ЖРВИ белгілері бар пациенттер тек сол жерде қабылданып жатыр.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан