$ 488.53  531.91  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.03.2020, 11:30
Оқиғалар

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 293 адамға жетті

Еліміздің үш аймағынан 9 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 293 адамға жетті

Қазақстанның тағы үш аймағынан 9 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 30 наурыздағы сағат 11.10-дағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, Алматыда – 3 жағдай, Қызылорда облысында – 3 жағдай және Ақмола облысында 3 жағдай тіркелді.   

Қазіргі таңда елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 293 адамға жетті. Оның ішінде:    

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 167 адам,

Алматы қаласында – 73 адам,

Қарағанды облысында – 7 адам,

Ақмола облысында – 9 адам,

Атырау облысы – 12 адам,

Жамбыл облысында – 3 адам,

Шымкент қаласында – 2 адам,

Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам,

Алматы облысында – 6 адам,

Ақтөбе облысында – 2 адам,

Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам,

Павлодар облысында – 1 адам,

Маңғыстау облысында – 1 адам,

Қызылорда облысында – 5 адам,

Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, жалпы 293 науқас тіркелді.

Өкінішке қарай, қауіпті вирустан 1 адам көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары