$ 488.53  531.91  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.03.2020, 10:01
Оқиғалар

Әлемде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 722 мыңнан асты

Бір тәулікте 3095 адам көз жұмды

Әлемде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 722 мыңнан асты

Әлем бойынша COVID-19 жаңа коронавирусын жұқтырғандар саны 722 196 адамға жетті. 151 776 адам ауруынан жазылып шықты. Індет басталғалы бері 33 976 адам көз жұмды. Өткен тәуліктің ішінде 58 285 адам вирус жұқтырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі worldometers.infо сайтына сілтеме жасап.

Өткен тәулікте әлемде COVID-19 вирусынан 3095 адам көз жұмды.

АҚШ – әлемде ауру жұқтырғандар саны бойынша алда тұрған ел. Өткен тәулікте бұл елде 18 286 адам вирус жұқтырған. Коронавирусқа шалдыққандар саны 141 854-ке жетті. Бір тәулікте 255 адам көз жұмды, індет басталғалы 2475 адам бақилық болды.

Испания вирустан көз жұмғандар саны бойынша алдыңғы орынға шығып кетті. Бәр тәулікте 821 адамынан айрылған бұл елде бір күнде 6875 адам ауру жұқтырған. Жалпы, індет басталғалы Испанияда 6803 адам қайтыс болды. Бүкіл ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 80 110 адамға жетті. 

Италияда бір тәулікте 756 адам көз жұмды. Індет басталғалы 10 779 адам ажал құшты. Сондай-ақ, бір күнде 5217 адам вирус жұқтырған, жалпы ел бойынша науқастар саны 97 689-ға жеткен.

Германияда коронавирус таралуы жоғары болғанымен, аса көп адам өлімі тіркелген жоқ. Бір тәулікте 440 адам вирус жұқтырса, жалпы ауырғандар саны 62 095 адамға жетті. Бір тәулікте көз жұмғандар саны – 108 адам, індет басталғалы 541 адам өлімі тіркелді. 

Францияда бір күнде 292 адам көз жұмды, індет басталғалы 2606 адам бақилық болды. Бір тәулікте вирус жұқтырғандар саны – 2599, жалпы саны 40 174 адам болды.

Иранда бір тәулікте 123 адам көз жұмды. Індет басталғалы 2640 адам қауіпті вирустың құрбаны болды. Жалпы, бұл елде вирус жұқтырғандар саны 38 309 адамға жетті.

Қытайда соңғы бір күн ішінде 31 адам коронавирус жұқтырған, олардың бәрі шетелден келген азаматтар болып шықты. 4 адам өлімі тіркелген. 

Қазақстанда 30 наурыз күні коронавирус жұқтырғандар саны 284 адамға жетті. Өкінішке қарай, 1 адам көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары