$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда фестиваль қатысушыларының телефонын ұрлап кеткен әйел ұсталды

Күдікті қамауға алынды

Алматыда фестиваль қатысушыларының телефонын ұрлап кеткен әйел ұсталды

Алматы облысының тұрғыны музыка фестиваліне қатысушылардың телефондарын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алмалы аудандық полиция қызметкерлері бұрын сотталған 41 жастағы Д. есімді әйелді ұстады. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ заңсыз деректердің жолын кесу мақсатында жедел уәкілдердің ресурстары күшейтілді. Мереке күндері адамның көптігін пайдаланып, Д. есімді азамат үш телефон ұрлап кеткен.

«Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта оның жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр. Д.есімді азаматша – Алматы облысының тұрғыны, бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылға»н, – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады
 

Серіктес жаңалықтары