$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.09.2023, 15:25
Оқиғалар

Ақтөбеде 24 жыл бойы Ресейдің құқық қорғау органдарынан жасырынып келген қылмыскер ұсталды

Оны Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешілуде

Ақтөбеде 24 жыл бойы Ресейдің құқық қорғау органдарынан жасырынып келген қылмыскер ұсталды

Ақтөбе полицейлері ресейлік құқық қорғау органдарынан 24 жыл бойы жасырынған қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері үш адамды өлтіргені және қарақшылық шабуыл жасағаны  үшін өз елінде іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 56 жастағы азаматын ұстады.

«Ол 1999 жылдың күзінде Орынбор қаласында адамдар тобымен (бұрын сотталған және ұсталған 3 адаммен) алдын ала сөз байласып, қаржылай пайда табу мақсатында 3 азаматқа қарақшылық шабуыл жасап өлтірген және қылмыс іздерін жасыру үшін олардың мәйіттері өртеп, көміп тастаған. Қазіргі уақытта ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды. Оны Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешілуде», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары