20.09.2023, 14:55
Оқиғалар
Жайық өзенінде екі қайық соқтығысып, бір адам көз жұмды
Тағы бір адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді
Фото: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі
Атырауда Жайық өзенінің үстінде екі қайық соқтығысып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқиға бүгін, 20 қыркүйек сағат 07:00 шамасында болған.
«Атырау қаласына қарасты Дамбы ауылының тұсында Жайық өзенінде екі қайық соқтығысты. Соның салдарынан 50 жастағы ер адам ауыр жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілді. Ал, 1974 жылғы ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Екі қайықты жүргізген 1992 және 1988 жылғы азаматтарда су көлігін басқаруға рұқсат қағазы бар болып шықты», - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды