$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда әйел адам мүгедектігі бар жасөспірімді соққыға жыққан

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады

Ақтауда әйел адам мүгедектігі бар жасөспірімді соққыға жыққан

Ақтау қаласында әйел адам мүгедектігі бар жасөспірімді соққыға жыққан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған. Белгілі болғандай, екеуідің жанжалы 34 шағынаудандағы №10 үйдің ауласында болған.

Желіде жарияланған видеода әйел мен жасөспірімнің бір-бірінің шашынан тартып жатқанын және айналасында басқа балалардың тұрғанын көруге болады.

Оқиғаға қатысты пікір білдірген Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 2023 жылғы 17 қыркүйекте сағат 18:28 шамасында «102» кезекшісінің пультіне көмек сұрап шақыру келіп түскенін хабарлады. Полицияға хабарласқан тұрғынның айтуынша, көршісі мүгедектігі бар қызын ұрып-соққан.

«Шақыруға шыққан учаскелік инспекторлар фактіні растады. Біреудің кәмелетке толмаған қызын ұрып-соққан 36 жастағы әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК 73-1-бабының 1-бөлігі және 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды», - деп хабарлады өңірдің ПД өкілдері.

Серіктес жаңалықтары