16.09.2023, 15:56
Оқиғалар
Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
Олардан экстремистік мазмұндағы әдебиеттер мен басқа куәлік заттар тәркіленді
Фото: gov.kz
Ақтөбе қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция бірлесіп, радикалды діни ұяшықтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Терроризмді насихаттау бойынша күдікпен 2 Қазақстанның азаматы ұсталды.
Олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша экстремистік мазмұндағы әдебиеттер мен басқа куәлік заттар тәркіленді.
Материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.
Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Көп оқылған
22.11.2026, 08:33
Елордада тұмау жұқтырғандар көбейді: науқастар арасында балалар мен жүкті әйелдер бар
22.11.2026, 16:07
23 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге, өзімнің 4 млн теңге қарызым бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
22.11.2026, 10:40
Ақтөбе облысында көліктің барлық түрі үшін жол ашылды
22.11.2026, 13:15
СҚО-да жабылған тасжолдардағы қозғалыс қайта ашылды
