Шымкентте 2 жасар баланың қолы ет тартқышқа қысылып қалған
Қазіргі таңда бала жансақтау бөлімінде жатыр

15 қыркүйекте сағат 21.37-де «103» қызметінен Қызыл Әскер трассалық медициналық-құтқару пунктіне жазатайым оқиғаға байланысты шақырту келіп түсті. Оқиға орнына бірден жеткен бригада шамамен екі жастағы баланың қолы электр ет тартқышта қысылап қалғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық ТЖД мәліметінше, аға фельдшер Сабденов Сержан, фельдшер Нұрғали Ташкенбаев және құтқарушы Жанболат Омаров алғашқы медициналық көмек көрсетті.
«Оң қолдың бірнеше сынуы» диагнозы қойылған бала Абай ауылының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды, онда шұғыл әрекет ету бригадасы апаттық-құтқару жабдықтарын қолданып, баланың қолын босатты. Бұл кезде бала наркозбен ұйықтатылған еді», - деп хабарлады Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.
Қазіргі таңда баланың жансақтау бөлімінде екені нақтыланады.
Төтеншеліктер ата-аналардан кішкентай балаларына мұқият қарап, абай болуды ескертеді.